Атырауда жазасын өтеушілер жұмысқа тартылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жазасын өтеушілер жұмысқа тартылуда

13.05.2015
Атырауда жазасын өтеушілер жұмысқа тартылуда

Колониядағы 300-ге жуық әйелдің жүзден астамы аспаз, кондитер, тігінші, шаштараз кәсіптерін меңгеріп үлгерген. Олар түрме ішіндегі цехтарда жұмыс істейді.                                                                                                

Түзеу мекемесінде әзірге бір ғана тігін цехы жұмыс істейді. Түрме басшылығы болса, тағы екі-үш цех ашуды жоспарлауда.

Ол үшін жергілікті іскер жандарды тартып, оларға кәсіптерін ашуға мекеме аумағынан арнайы орын да қарастырған. 

Мекеме басшылығының айтуынша, жазасын өтеушілердің барлығы жұмыс істеуге ниетті. Сондықтан, олар алдағы уақытта 150 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу