Павлодардағы түзеу мекемесінде футбол алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы түзеу мекемесінде футбол алаңы ашылды

23.07.2018

Павлодардағы АП-162/2 түзеу мекемесінде демеушілердің көмегімен салынған футбол алаңы ашылып, жазасын өтеушілер арасында жарыс ұйымдастырылды. Әсіресе, шағын футболдан өткен сайыс тартысты болды. Оған облыс аумағындағы түзету лагерлерінің үш құрама командасы қатысты. Қазіргі уақытта аймақтағы қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде мыңнан аса адам жазасын өтеп жүр. Оларды тәрбиелеу, дұрыс жолға салу негізінен еңбекке тарту, белгілі бір мамандыққа баулу арқылы жүргізіледі. Ұтымды әдістің бірі - спортты насихаттау  

Бақтыгүл Бадашева, АП-162/2 түзеу мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы:

- Жазасын өтеушілер түрлі спорт түрлерімен айналысады. Солардың бос уақытын қамту үшін, тәрбиелік мәнде осы шараны ұйымдастырып отырмыз.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу