Жазасын өтеушілер айыппұл төлеп бостандыққа шығады

21.04.2016
Жазасын  өтеушілер айыппұл төлеп бостандыққа шығады
Жазасын  өтеушілер айыппұл төлеп бостандыққа шығады

Қазақстанда жазасын өтеуші азаматтар айыппұл төлеп бостандыққа шыға бастады. Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа ереже нәтижесін беруде. Былтырдан бері жүздеген сотталушы мерзімінен бұрын босатылған. Бірақ, бәріне бірдей мұндай мүмкіндік берілмейді.

Ауыр қылмыс жасағандардың еркіндікке ерте шығуға құқы жоқ. Ал басқаларын босату үшін бірқатар талап бар. Сотталған жазасын өтеу кезінде тәртіп бұзбауы қажет. Мерзімінің төрттен бір бөлігін өтеуі шарт. Жәбірленуші тараптың келісімі де міндетті түрде ескеріледі. Сонда ғана айыппұл төлеп, босай алады. Ал айыппұлдың көлемі жылына шамамен 200 мың теңге.

Толығырақ бүгін Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу