«Airbus A-320» ұшағы апатынан қаза тапқандар арасында үш қазақстандық бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Airbus A-320» ұшағы апатынан қаза тапқандар арасында үш қазақстандық бар

25.03.2015
«Airbus A-320» ұшағы апатынан қаза тапқандар арасында  үш қазақстандық бар

Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған «Airbus A-320» ұшағының бортында үш қазақстандық  болған. Олар: Ербол Иманғалиев, Айжан Исенғалиева  және Әділ Иманғалиев.

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қаза тапқандардың туған-туыстарына мына телефондарға хабарласуды сұрайды.

Қазақстанның Берлиндегі Консулдығының байланыс телефоны +49 15 20 88 33 631;

Қазақстанның Испаниядағы Консулдығының байланыс телефоны: +34 67 44 82 333.

Ал, Консулмен байланысқа шыға алмаған жағдайда марқұмдардың туыстары Сыртқы істер министрлігінің кезекші дипломатына (717) 2 72 01 11 телефоны арқылы хабарласа алады.

Айта кетсек, Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатып құлаған лайнер бортында 150 адам болған. Оның табылған «қара жәшігі» зақымданған.

Қазір қайғылы оқиға тіркелген жерде қаза тапқандардың мәйіттерін іздеу жұмыстары жалғасуда.  

 

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу