Қанатбаевтар әулеті – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Атырау облысы бойынша жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанатбаевтар әулеті – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Атырау облысы бойынша жеңімпазы

15.07.2015
Қанатбаевтар әулеті – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Атырау облысы бойынша жеңімпазы

Қанатбаевтар әулетінің мұнай саласындағы еңбек өтілі мол. Бүгінде бұл мұнайшылар әулетінің атасы атанған Қанатбай қарияның немересі Жеңіс Қанатбаевтың жанұясы.

50 жыл өмірін мұнай-газ саласына арнаған ардагер мұнайшы зайыбымен бірге 6 бала тәрбиелеп өсірді. Олар да мұнай саласында қажырлы еңбек етуде.

Бүгінде Жеңіс Қанатбаев 6 баласынан 13 немере, 1 шөбере сүйіп, олардың қызығын қызықтауда. Ақсақалдың немерелері де мұнай саласында еңбек етуді қалайды. Демек, Қанатбаевтар әулетінің 6-шы ұрпағы да мұнайшы мамандығын игермекші.

Түтіні түзу, босағасы берік, шаңырағына береке-бірлік орнаған, ұрпағына еңбексүйгіштікті дарытып, саналы тәрбие бере білген Қанатбаевтар отбасы осылайша көпшілікке үлгі болып отырған жайы бар. 

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу