Теріскейлік Оралбек Балғабаев 30 жыл бойы металл жонумен айналысып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейлік Оралбек Балғабаев 30 жыл бойы металл жонумен айналысып келеді

26.01.2015
Теріскейлік Оралбек Балғабаев 30 жыл бойы металл жонумен айналысып келеді

Оралбектің тындырымды тірліктері мен ісіне деген ұқыптылығын кәсіпорын басшылығы өзгелерге үлгі-өнеге етуден жалыққан емес.

Оның тәлімгерлік қамқорлығының шапағатын жастар ғана емес қатарлары да көріп жүр. 

Жаңа қондырғылар заман талабы. Қуатты озық техника еңбек өнімділігін арттырады. Оралбек бұл станоктарды да меңгеріп, қыр-сырын танып, біліп алған. 

Оралбек Балғабаевтың зауыт табылдырығын аттағанына талай жылдың жүзі болған.

Бозбала кезінен бастаған тірлігінен бір сәтке де қол үзген емес. Бүгінде жасы 50-ге таяп қалса да, осы саланы таңдағанына еш өкінбейді.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу