Отандық мультипликаторлар ана тілінде жаңа 20 мультфильм шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық мультипликаторлар ана тілінде жаңа 20 мультфильм шығарды

08.12.2022

Отандық мультипликаторлар ана тілінде жаңа 20 мультфильм шығарды. Бұл 3 ай ғана бұрын құрылған «Қазақанимация» бірлестігінің жетістігі. Алматыда Мәдениет және спорт министрі шығармащылық бірлестік жұмысымен танысып, анимация ардагерлеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыстады. Дәурен Абаев қазақ анимациялық кино өнері жас ұрпаққа тағылымды тәрбие берудегі таптырмас құрал екендігін атап өтті. «Қазақанимация» қызметкерлеріне әлемнің жетекші мамандарынан шеберлік сыныптары өткізіліп келеді. Отандық мультипликаторлар анимация саласындағы шетелдік әріптестерімен меморандумдарға қол қойып, тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Жәнібек Оразалы, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі:
Бұл жоба барысында 30 жыл бойы анимациялық саладан қол үзіп кеткен мамандар қайтадан жұмысқа келіп, өздерінің сүйікті істерімен айналысып, жұмыспен қамту жағынан талаптары орындалып жатыр. Мемлекеттен тікелей қолдау болып, нағыз талантты жастарға жол ашылып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу