Таймас Гесмұратұлы – зергерлік өнерді жалғастырушылардың бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таймас Гесмұратұлы – зергерлік өнерді жалғастырушылардың бірі

07.04.2016
 Таймас Гесмұратұлы – зергерлік өнерді жалғастырушылардың бірі

Атадан балаға, ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын өзіндік тылсым сыры бар қасиетті өнердің бірі – зергерлік. Ал, осынау өнерді жалғастырушылардың бірі Таймас Гесмұратұлы 20 жылға жуық уақыттан бері бағалы бұйымдар жасаумен айналысып келеді. Алайда, ол бұл салаға кездейсоқ келгенін айтады.

«Бір затты жасау үшін 20-30 құрал керек. Оның ұстауға ыңғайлы-ыңғайсызы бар. Зергерлікті жоқ дегенде, 3-6 ай үйрену қажет»,-дейді зергер.

Оның айтуынша, күміс ыңғайлы әрі денсаулыққа пайдалы металл. Сонымен қатар, әртүрлі күміс әшекей бұйымдарын әсемдеу үшін ақық, маржан секілді тастарды қолданады.

Оның өзгелерден басты ерекшелігі – жаңа мен ескіні сабақтастыра отырып, ұлттық нақыштағы ерекше туындылар жасауында.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу