Ауылға газ құбыры тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылға газ құбыры тартылды

24.01.2015
Ауылға газ құбыры тартылды

Қаладағы жайлы тұрмыс – ауылға да жат емес. Алтынсарин ауданындағы  Қызыл Кордон елді мекеніне көгілдір отын берілді.

Қызыл Кордон ауылында 336 отбасы бар. Тұрғындар саны 800-ден асады. Олардың 70 пайызы орман шаруашылығында еңбек етеді. Қалғандары өзін-өзі қамтып отырғандар. Жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде тұрған бірде-бір адам жоқ.  Әзірге көгілдір отын 74 үйге тартылған. Қалғандары құжаттарын дайындауда.

Ұзындығы 18 шақырым болатын газ құбырын тарту жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталып, оған мемлекеттен 200 миллион теңге жұмсалды. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу