БҚО-дағы ең шалғай елді мекендерге газ келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы ең шалғай елді мекендерге газ келді

10.12.2018

Ең шалғай ауданға газ жетті. Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданының елді мекендері  түгелдей «көгілдір отынмен» қамтылды. Биыл, облыс орталығынан 600 шақырым қашықтықтағы ауданның 12 ауылына газ құбыры тартылды. Сөйтіп, қымбат көмірге тәуелді болып, қыстан қамығып шығатын 6,5  мың  тұрғынның қиындығы артта қалды. Мереке қарсаңында қуанышқа бөленгендердің бірі  Ұялы елді мекенінің тұрғындары. Ауылдағы 215 отбасының арманы орындалды. Жалпы,  облыс халқының 96 пайызы көгілдір отын игілігін көріп отыр.

Алмагүл Бегисанова, Ұялы ауылының тұрғыны:

Ауылға көгілдір отын келіп,  қуанышқа бөленіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Елбасының шалғайда жатқан ауылдарды газдандырып, осындай игі істер атқарғанына ризамыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу