Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен такси жүргізушісі марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен такси жүргізушісі марапатталды

20.01.2015
Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен такси жүргізушісі марапатталды

Астана қаласының Алматы аудандық Ішкі істер бөлімі ұрыларды ұстауға атсалысқан такси жүргізушісі Берік Мұқатаевты марапаттады.

Салтанатты жиында сөз алған бөлім бастығы «Азаматтық борышын абыроймен атқарған 30 жастағы Берік Мұқатаевтың ерлігі баршаға үлгі», - деді.

Оқиға өткен жылдың үшінші қарашасында болған. Қазіргі уақытта букмекерлік мекемені тонағандардың ісі сотта қаралуда.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу