Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында салынған құдық жарамсыз күйге түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында салынған құдық жарамсыз күйге түскен

16.01.2015
Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында салынған құдық жарамсыз күйге түскен

Бірақ, арада бір жыл өткеннен кейін жаңа құдық істен шыққан. Содан бері халық ескі дағдыша қолдарына арба мен шананы қайтадан алды.

Тұрғындар таң қылаң бере, бөшкелерін дайындап, шаналарын сайлап, төрт-түлікті өріске айдап су тасуға шығады. Барлығы өзен суына тәуелді.

Ал, ескі құдыққа телміргендер кезекке тұрып, бір бөшке кермек татқан суға әрең қол жеткізеді.

Аудан әкімі құдыққа су тарту қондырғысын орнатып, көктем мезгілінде ауылды толық ауызсумен қамтимыз, деп сендірді. Бірақ жұртшылық «бұл тек уәде күйінде қалмаса» дейді.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу