«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мейрамына орай шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мейрамына орай шара өтті

16.01.2015
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мейрамына орай шара өтті

Бұл сөз соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіліп қойылған.

Мұсылман әлемінде кеңінен аталып өтетін мейрам бір ай тойланады. Яғни, 30 күн бойы жамағат Алла елшісінің қадір-қасиетін мадақтап, оған шексіз салауаттар айта алады.

Ал, қасиетті жұма күні мешітке жиналған он мыңнан астам мүмін мәуліт оқыды.

Нұрлы мерекенің шуағы ретінде жиналған қауымға Пайғамбарымыздың сүйікті жемісі – құрма таратылды.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы:

Мәуліт мерекесінің құрметіне Пайғамбарымызға салауат айтқан адамға Алланың періштелері оған 10 рет жақсы тілек тілейді екен.

Ақ дастарқанын жайып, үйінде білген дұғасын оқып, құран-сүрелерден және осындай Пайғамбар салауаттарынан көптеп оқитын болса, сол үйге періштелер көптеп жиналып, сол отбысының тілегі, ниеті қабыл, мұраты асыл болады екен.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу