Маңдай термен тапқан ақша адамды ешкімге тәуелді етпейді – Елбасы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңдай термен тапқан ақша адамды ешкімге тәуелді етпейді – Елбасы (ВИДЕО)

22.12.2014
Маңдай термен тапқан ақша адамды ешкімге тәуелді етпейді – Елбасы (ВИДЕО)

Жастарға үндеу салған Президент «оңай олжадан» аулақ болуға шақырды. «Әркім өз мамандығының майын ішіп, жілігін шақсын» деп қадап айтты.

Сондай, еңбегі еленіп, жұмысының жемісін көріп жүрген жандардың бірі – Айнұр Жәкейқызы.

Ол Қазақстанда алғаш рет құрастырылған есту аппаратының шығарушысы.

Аппаратты шетелден алғызсаңыз, кемінде 160, көбі 540 мың теңгеге шығындаласыз. Ал, Қазақстанда құрастырылатын аппарат құны шамамен 80-260 мың теңге.

Келер жылы «Даму» қорымен кәсібімді өрге домалатамын деген Айнұр Жәкейқызының арманы – шағын зауыт ашу. Қазір осы жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізуде.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу