Мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізіледі

08.09.2019

Біз Ұлттық әл-ауқат қоры құрылған 14 жыл ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға Қордың нақты қандай үлес қосқанын білуіміз керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтқанына орай Ұлттық қордың, зейнетақы қорының қаржысы жұмсартып айтқанда, оңды-солды жұмсалады деген қоғам күрсінісі еске түседі. Әсіресе әрбір жұмыс істейтін азаматтың маңдай термен тапқан ақшасының рұқсат сұрамай «анаған да, мынаған да» бөлініп жататыны және қайтарымы күдікті, тіпті сенбейтін салаларға құйылатыны туралы былай айтылатын әңгімені былай қойғанда, экономистер мақала жазады.

Ал Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, үш айдың ішінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізуі тиіс, дегенінде ондай компанияларға еден жуушы болып кірудің қиын екені туралы ескен сөз еске түседі.


Хабарламаларға жазылу