Тәуелсіздік мерекесі ел мерейін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесі ел мерейін көтерді

16.12.2014
Тәуелсіздік  мерекесі ел мерейін көтерді

Тәуелсіздік мерекесі дәл қазір Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға  дейін созылған  кең байтақ қазақ жерінің барлық өңірінде  мерекелеуде.

Бүгінгі   Тәуелсіздік мерекесін Жамбыл облысының  жұртшылығы  айрықша көңіл күймен тойлап жатыр. Өйткені, елдігімізді паш еткен бүгінгі күн әрбір шаңырақ үшін жақсылықтың жаршысына айналып отыр.

«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!». Осындай бастамамен сондай-ақ, бүгінгі мереке аясында салтанатқа лайық безендірілген автокөліктер мен бір топ байкер көк Туымызды желбіретіп, Тараз қаласының орталық көшелерімен жүріп өтті.

Олардың қатарында  спортшылармен бірге белсенді жастар да болды. Ту, Елтаңба мен Әнұран-біздің қастерлі белгілеріміз. Олар барлығымыздың бойымызда болашаққа деген нық сенім қалыптастырады, дейді автошеруге қатысушылар.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу