Атыраулық азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды

09.12.2021

Президент тапсырмасымен Атырау облысына барған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өңірдің бірқатар азаматына мемлекеттік наградаларды табыстады. Егемендіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып, елдің өткені мен бүгініне тоқталды. Әріптесім Жандос Темірғали тарқатып айтсын.

Тәуелсіздік жетістіктерін жан-жақты баяндаған Қырымбек Көшербаев мұнайлы өңірдің ел дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Еліміздің индустриалды көшбасшысы саналатын аймақта 743 млрд теңгені құрайтын 63 ірі жоба жүзеге асты.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Атырау облысында едліміздегі мұнайдың 54 пайызы, жанар-жағармай өндірісінің 30 пайызы, табиғи газдың 44 пайызы өндіріледі. «Теңіз» және «Қашаған» кен орындарын игеру, Каспий құбыр консорциумының құрылысы еліміздің экономикасына зор серпін берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Қырымбек Көшербаев Президент Жарлығымен бекітілген мемлекеттік наградаларды түрлі салада ел мерейін асырып жүрген 60-қа жуық атыраулыққа тапсырды.

Еңбегі еленген жанның бірі - шалғайдағы Қызылқоға аудандық ауруханасының кардиологы Жанар Жаңабаева. Білікті маман 16 жылдан бері ауылдағы ағайынға мінсіз қызмет көрсетіп көрсетіп келеді.

Жанар Жаңабаева, Қызылқоға аудандық ауруханасының кардиолог дәрігері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

Тәулсіздігіміздің 30 жылдығында денсаулық сақтау саласы да өте жоғары деңгейге көтерілуде. Жыл сайын ауылдық медецина да жаңа технологиялар келіп, жоғары деңгейге көтерілуде.

МҰРАҒАТТАРДА САҚТАЛҒАН 500 ҚҰПИЯ ІС АНЫҚТАЛДЫ

Мемлекеттік хатшы Саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жобалық кеңсесіне де барды. Биыл тарихтың ақтаңдақ беттерін зерттеу үшін 28 млн теңге бөлінді. Келер жылға 54 млн теңге қаралып отыр. Қазір осы бағытта 27 ғалым жұмыс істеп жатыр.

Жамиға Таңатарова, Тарих ғылымдарының докторы:

Қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі заңдарға жаңа бір тармақтар енгізсек деген, осы жұмыс жүйелі түрде одан әрі жалғасын таба берсе деген ұсыныстарымен шыққымыз келіп отыр.

Бүгінде 8 жұмысшы топ мұрағаттарда сақталған 500 құпия архивтік іс анықталды. Қырымбек Көшербаев, игі жұмыстың маңызына тоқталып, ғалымдарға сәттілік тіледі.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу