Тәуелсіздік – тәтті ұғым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік – тәтті ұғым

15.12.2014
Тәуелсіздік – тәтті ұғым

Тарихта талай-талай ауыртпалықты бастан кешірсе де, ешкімге бас имеген қазақ халқы қазір әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

Қазақстан халықаралық аренада өркен жайып келе жатқан демократиясы, нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде орнықты.

Тәуелсіздік жылнамасының жалғасын назарларыңызға ұсынамыз.

2006 жыл

2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа Әнұраны қабылданды.  Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтің) 1950 жылдары жазылған  «Менің Қазақстаным» әні алынды.  Әнұранның авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев.

2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім  өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.

2006 жылдың 17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті өтті.

2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы - мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды.

2006 жылы -  Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

2007 жыл

2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы болып белгіленді.

2007 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.

2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.

2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары бағдарламасы» Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

2007 жылы КСРО және ҚР Халық әртісі Ғазиза Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына орай филармония алдына ескерткіш мүсіні орнатылды. Авторы - мүсінші Жәдігер Кенбай.

2007 жылы Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты ескерткіш орнатылды. Авторы - Ж.Кенбаев.

2007 жылы «Қобыланды батыр» кешені салынды. Авторы - ҚР Еңбек сіңірген сәулетшісі Бек Ыбыраев.

2008 жыл

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі - 91 метр.

2008 жылы қаңтар айында - Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы шықты.

2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам -  6 шілде  - Астана күні енді.

2008 жылы шілде айында - 2008-2009 оқу жылына мамандықтар бойынша  жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік  білім беру тапсырысын орналастыру туралы ҚР Үкіметінің бұйрығы шықты.

2008 жылы тамыз айында  Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

2008 жылы қазан айында - Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.

2008 жылы 2 желтоқсанда - 2009-2011 жылдарға арналған  «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

2008 жылдың 23 желтоқсанында   Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.

2008 жыл - Украинаның Қазақстандағы жылы.

2008 жылы Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл - Қазақстанда әдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы - Ерік Жауынбаев.

2009 жыл

Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.

2009 жылы қаңтар  айында елімізде  ұлттық халық санағы өтті.

2009 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің № 224  Бұйрығымен - «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.

2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.

2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің  ІІІ съезі  өтті.

2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады.

2009 жылы Кеңестер одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке өзінің атындағы Ақтөбе жоғары әуе институтының алдынан ескерткіш мүсіні қойылды. Авторы - мүсінші, Жастар Одағы сыйлығының иегері Марат Габдрахманов, сәулетшісі - Ж.Айнабеков.

2010 жыл

2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.  Қазақстандық  төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.

Біріншісі бірі-бірімізге деген  бізге аса қажетті сенімді білдіреді.

Екіншісі ЕҚЫҰ -ның  негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда  барынша ашықтық пен транспаренттік.

Төртіншісі - әлемдегі мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту.

2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан, бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі - мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.

2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана мен Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша 69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды.

Оған Азияның 27 мемлекетінен 1 мыңнан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және Әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.

Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, Қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.

Азиада-2011 ресми сайтының ақпараты бойынша бұрынғы рекорд - 29 алтын белгі Жапония құрама командасына тиесілі болған. Ол 1986 жылы Саппаро қаласында өткен Алғашқы Қысқы Азиада ойындарында алынған болатын. Ойындағы басты рекорд - Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мықты қарсыластармен болған күресте қазақстандықтармен алынған 32 алтын медаль.

2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, жауынгер жазушы, даңқты қол­басшы Бауыржан Момышұлы­ның туғанына 100 жыл толады. Осы орайда қаңтардың 9-ы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа депутаттық сауал жолдады.

Депутат сауалында дүние жүзіне белгілі тұлға, аты аңызға айналған батыр, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық ме­рей­тойын  ЮНЕСКО деңгейінде атап өту қажеттігін алға тартты.

 

Жалғасы бар...

Хабарламаларға жазылу