Тәуелсіздік мерекесін атап өтудің бағдарламасы болуы керек - Профессор Әбдімәлік Нысанбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесін атап өтудің бағдарламасы болуы керек - Профессор Әбдімәлік Нысанбаев

12.12.2017

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Әбдімәлік Нысанбаев бағдарлама қонағы болды. Профессор Тәуелсіздік мәрекесінің мәні мен қадірі, рухани жаңғыру жайында сөз қозғады.

«Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап жаңа кезеңнің келе жатқаны сезілді. Ол кезеңнің өзіндік белгілері болды. Тәуелсіздіктің есігі айқара ашылып, бізге үлкен жол сілтеді. Одан кейін құндылықтарымызды қайта зерделеу, бағалау дәуірі басталды. Сол жаңғыру осы уақытқа дейін жүріп жатыр.

Тәуелсіздік – қастерлі, қадірлі ұғым, еліміз үшін басты құндылық. Сондықтын, бұл саяси мерекені атап өтудің бағдарламасы болуы керек», - дейді профессор.

 

Хабарламаларға жазылу