«Қасиеттім - Желтоқсан!» концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қасиеттім - Желтоқсан!» концерті өтті

10.12.2014
«Қасиеттім - Желтоқсан!» концерті өтті

Алматыда тұңғыш рет 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбындағы әндерге арналған концерт өтті. «Қасиеттім - Желтоқсан!» атты концертті «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған.

Әуелі «Желтоқсан - азаттық рухы, тәуелсіздік таңы!» атты оқиға шежіресіне құрылған деректі фильм көрсетілді.   Онан кейін желтоқсанды жырлаған шығармалар  мен ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалды.

Желтоқсан алаңында шырқалған «Атамекен» әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан «Желтоқсан  тағылымы», «Желтоқсан  желі», «Бостандықтың  бойтұмары  желтоқсан», «Қара  бауыр қасқалдақ» және «Қайсар қазақ» сынды әндер орындалды. Әнші Құрманбек Әлімғазы «Желтоқсан маршы» әнін шырқағанда залдағы көрермен әнұран тыңдағандай тік тұрып құрмет көрсетті.   

 Дәурен ДАРИЯБЕК

                                                      

Хабарламаларға жазылу