Жолдауда айтылған өзекті мәселелер оң шешімін таппақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауда айтылған өзекті мәселелер оң шешімін таппақшы

03.12.2014
Жолдауда айтылған өзекті мәселелер оң шешімін таппақшы

Елбасы Жолдауындағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын дамыту жедел қолға алына бастады.

Бескөл ауылындағы 85 көпқабатты үй тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда жылудан ажырап қалған. Сондықтан көбі үйлеріне пеш орнатып жылытады.

Жылу магистралін тарту жұмыстары биыл басталды. Оған республикалық бюджеттен 555 миллион теңге бөлініп, 2,5 шақырым құбыр тартылады.

Бұл берекелі тірліктің бірінші кезеңі ғана. Осының арқасында ауылдағы барлық көпқабатты үйге орталықтан жылу беріледі.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу