Үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесі шешіледі: Ұстаздар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесі шешіледі: Ұстаздар пікірі

06.09.2022

Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту ұстаздар мен тәрбиешілерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Президент Жолдауына қатысты түркістандық педагогтардың пікірі осы. Қарапайым жұрттың көкейінде жүрген мәселелер шешімін тауып, оң өзгерістер болатынын білдік дейді олар. Әсіресе 18 жасқа дейінгі әр балаға ұлттық қор табысының бір бөлігін аударып отыру бастамасы көптің көңілінен шықты. Кәмелетке толғанда жеке шотындағы ақшасын баспана мен білім алуға жұмсауына болады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жандандыру бойынша да серпінді ойлар айтылған, дейді ұстаздар.

Фарид Аюпов, Кентау қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

Президент «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру негізгі мәселелердің бірі екеніне тоқталды. Жоба аясында апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесі біржола шешілмек. Мектептерде техникалық база нығайып, балалардың кедергісіз білім алуына мүмкіндік туады.

Хабарламаларға жазылу