Шымкентте жол апатынан автобус жолаушылары зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жол апатынан автобус жолаушылары зардап шекті

25.11.2014
Шымкентте жол апатынан автобус жолаушылары зардап шекті

Оқиға бүгін таңертең  Бәйдібек би даңғылының бойында болды.

Мұнда қалааралық бағыттағы автобус пен «ВАЗ 21015» автокөлігі соқтығысып қалды.

Соның салдарынан жеңіл көліктегі жүргізуші мен 4 жолаушы жарақат алған.

Барлығы  қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктегі  жолаушылар да зардап шекті.

 

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу