Алматыдағы тергеу абақтысында «Вулкан» оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тергеу абақтысында «Вулкан» оқу-жаттығуы өтті

22.11.2014
Алматыдағы тергеу абақтысында «Вулкан» оқу-жаттығуы өтті

Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторында жаппай тәртіпсіздікке қарсы «Вулкан» деп аталатын тәжірибелік оқу-жаттығу өтті.

Алдын ала жоспарланған сценарий бойынша тергеу изоляторының ішінде күдіктілер қапастан-қапасқа еркін жүруді талап етіп, тәртіп бұзған.

Камераларында суық қарулар жасырған жазасын өтеушілер төсек-орындарын өртеп, ішкі тәртіпке қарсы әрекеттер жасады.

Арнайы жасақталған әскер, өрт сөндірушілердің көмегімен камераға баса көктеп кіріп, бүлікшілерді жөнге келтіру операциясын шеберлікпен іске асырды.  

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу