Бесаспап қыз-келіншектер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бесаспап қыз-келіншектер марапатталды

21.11.2014
Бесаспап қыз-келіншектер марапатталды

Астанада бесаспап қыз-келіншектер марапатталды. Республиканың түкпір-түкпірінен келген олар өз қолдарынан шыққан  бұйымдары, тағам, әшекейлерін көрмеге қойды.

Онда қолдан тігілген дорба, әмияндар, дәмді тоқаштар, кептірілген көкөніс, жеміс-жидек, сырға, моншақтар бар. Жалпы, байқау бір жыл бұрын басталған. Оған өңірлерден 1,5 мыңға жуық әйел қатысыпты. 

Әуелі оларға кәсіпкерлікті қалай жүргізу керектігі оқытылыпты.  Үйрену барысында кейбір жандар жобаға қатысудан бас тартқан. Кейбіреулері бизнес жоспар жасауды қиынсынса, енді біреулері тірлікпен айналысуға ерініпті.  Ал, еңбекқор 10 қатысушыға  600 мың теңге қаржылай марапат көрсетілді. Бұл - олардың өз кәсібін әрі қарай дөңгелетуіне сеп болмақ.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу