Жүк көлік иелері айыппұл төлеуден жалтаруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк көлік иелері айыппұл төлеуден жалтаруда

17.10.2014
Жүк көлік иелері айыппұл төлеуден жалтаруда

Оңтүстік Қазақстан облысында  жүк көліктерінің иелері айыппұлдарын төлемей келеді. Биылғы жылдың  өзінде олардың мемлекетке берешегі 373 миллион теңгеге жеткен. Соның  небәрі 22 пайызы ғана өндірілген.

Бүгін өңірдің көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері кезекті рет рейд ұйымдастырды. Облыс аумағында 98 мың жүк көлігі тіркеуде тұрса, тоғыз айда 383-і жол ережесі бұзған. Шамадан тыс жүк артып, не болмаса құжатынан қателік табылғандарға миллиондаған айыппұлдар салынғанымен, жүргізушілер өз еркімен 29 миллион теңгесін ғана төлеген. Мемлекеттік сот орындаушылар тоғыз айдың ішінде 2 миллион теңгені қазынаға құйғызған. Сондай-ақ, айыппұлдар көлемі мың айлық көрсеткіштен асатын болса, ондай көлік иелерінің  мүліктері аукцион арқылы сатылатын болады.

Айнұр АҚБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу