Шымкентте көліктің жүк салғышында ән айтқан азаматтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте көліктің жүк салғышында ән айтқан азаматтар ұсталды

06.02.2024

Шымкентте көліктің жүк салғышының үстіне отырып алып, қала көшелерін бойлай ән салған азаматтар ұсталды. Екі жігіт бұл әрекеттерін смартфонға да түсіріп алған. Ал көшеде кетіп бара жатқан өзге көлік иелері құқық бұзушылықты бейнекамераға түсіріп, интернетке жариялаған. Полиция 19 жастағы жүргізушіге айыппұл салды. Жүк салғыштағы жолаушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзу хаттамасы толтырылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу