Петропавлда жаңа сұрыптау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жаңа сұрыптау орталығы ашылды

09.10.2014
Петропавлда жаңа сұрыптау орталығы ашылды

Солтүстікқазақстандықтар мерзімдік басылымдарды уақытында алатын болды. Енді хат-хабар мен газет-журналдар шалғайдағы ауылдарға да бұрынғыдан ерте жеткізіледі.

Бұған облыс орталығында ашылған сұрыптау орталығы себеп болмақ. Қазпоштаның облыстық филиалы сатып алған жаңа қондырғы басылымдарды реттеп, қай ауданға қанша газет-журнал жөнелтілетінін дәл анықтайды. Оның құны – 6,5 миллион теңге. Енді, жұмыс жылдам әрі нақты орындалады.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу