Нұр-Сұлтанда экотеатр ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда экотеатр ашылды

19.05.2021

Елордада алғашқы экотеатр ашылды. «Адал ниет Астана» әлеуметтік орталығындағы мәдени ошақ өнер арқылы табиғатты қорғап, қалдық тастау мен оны сұрыптау мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұжымда 8 актер мен 2 қоюшы режиссер жұмыс істейді. Экотеатр балаларға арналған «Гринейктер хикаясы» ертегісінің желісімен арнайы қойылым ұсынды. Шығармашылық ұжым бір айда 2 спектакль қояды. Ауқымды іс-шара ясындағы экошеберхананы бүлдіршіндер аптасына 2 рет тамашалай алады. Жобаға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы демеу көрсетіп отыр.

Ақнұр Тұрдалиева, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ атқарушы директоры:
Жоспар бойынша дәл осы сюжетпен мектептер арасында жарыс өткіземіз спектакль бойынша. Және басқа жерлерде осындай театр көрсетеміз. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу