Тамара Дүйсенова іссапармен Атырауға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова іссапармен Атырауға барды

10.07.2014
Тамара Дүйсенова іссапармен Атырауға барды

Атырауға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі іссапармен барды. Тамара Дүйсенова мұнайлы өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен танысты. Жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті.

 Министр барған кәсіпкерлік субъектілерінің бірі - «Өнерпаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазір мұнда 110 адам жұмыспен қамтылған.

Олардың алтауы - мүмкіндігі шектеулі жандар. Осы жерде мүгедектермен де кездесу ұйымдастырылды. Олар өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап алды.

Министр Атырауда халықты еңбекпен  қамту және оларды әлеуметтік қорғау  бағытында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.   

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Жұмыс берушілердің   мүмкіндігі шектеулі жандарға әлі де болса көзқарастарының өзгермегендігін мойындауымыз керек. Әрбір жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі азамат 8 сағат жұмыс істей алмайды, басқа да мәселелері бар, арнайы жұмыс орындарын дайындау керек, деп ойлайды. Ал, екінші жағынан  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көбінің мамандығы жоқ. Сондықтан, біз бүгінгі кездесуде оқыту мәселесіне көп көңіл бөлдік.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу