Қарттар қараусыз қалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар қараусыз қалмайды

02.10.2014
Қарттар қараусыз қалмайды

Құрбан айт мерекесі мен қарттар күніне орай, бүгін, бас мүфти Ерлан қажы Малғажыұлы Алматыдағы ардагерлер үйінде болып, қарттардың жағдайымен танысты. Қазіргі таңда республика бойынша 67 қарттар үйі бар, онда 12 мың қария өмір сүреді.

Өкінішке қарай, жыл сайын 500-ге жуық қарт қараусыз қалып, ардагерлер үйін паналайды. Алматыдағы қарттар үйінде 331 ақсақал мен кейуана өмір сүріп жатыр.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу