Қараусыз қалған қарттар тағдыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қараусыз қалған қарттар тағдыры

23.08.2014
Қараусыз қалған қарттар тағдыры

Жыл өткен сайын қарттар үйін мекендейтіндер қатары көбеюде. Еліміз бойынша 67 қарттар үйінде 12 мың қария өмір сүреді. Әр жылда 500-дей қарт қараусыз қалады. 

Өкініштісі, бір ғана Алматының Ардагерлер үйінде бүгінде  331 кейуана мен қария бар.  2012 жылы мекемеге 311 қарт тіркелсе, былтыр олардың саны 335 болған.

Барар жері, басар тауы қалмаған қария Ардагерлер үйін паналап келеді. Ақсақал алда-жалда о дүниеге аттансам ұрпақтарым артымнан бір уыс топырақ салса екен,  деп тілейді.  

Айбар ЖАҚСЫБАЙ

Хабарламаларға жазылу