Тастандылар көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тастандылар көбейіп барады

01.10.2014
Тастандылар көбейіп барады

Шығыс Қазақстан облысындағы Көкпекті ауылында 1932 жылы іргесі қаланған балалар үйі бар. Онда қазір 65 жасөспірім тәрбиеленіп жатыр.

Бұл балалар үйі халқымыздың басына ашаршылық пен қудалау түскенде жетім атанған талайға пана болған мекен.

Бүгінде сол жетімдер үйі өзгеріссіз әлі балаға толы. Тек айырмашылығы онда тұл жетім емес, әке-шешесінің көзі тірісінде жетім атанғандардың қатары күн санап көбейіп барады.

Жәутеңдеген жанарлары мен лүпілдеген жүректердің орындалмай жүрген бір ғана арманы бар. Ол – ана алақанының жылуын сезініп, әке қамқорлығына бөлену.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу