Семейде алаяқтар көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде алаяқтар көбейіп барады

28.12.2017

Семейлік тәртіп сақшылары жаңажылдық мерекелер кезінде күдік туғызатын ұтыс ойындары мен акциялардан абай болуға кеңес береді. Себебі, соңғы кезде қалада алаяқтық деректері артып барады. Солардың ішінде ақшалай сыйақыға жұмыс тауып беремін немесе несие алуға көмектесемін деп сан соқтырып кететіндер көп. Осындай жағдайға тап болғандардың бірі тұрмыстық техника дүкенінен жарты миллион теңгеге тауар сатып алып, оның құнын төлеуден бас тартқан. Әйел адам өзін алдап кеткені туралы тәртіп сақшыларына шағымданған. Айтуынша, оған әлдекім қаладағы банктердің бірінің жақында жабылатындығын айтып, сол Қаржы институты арқылы несие рәсімдеуге ұсыныс жасаған. Күдікті банк қызметін тоқтатқаннан кейін, тауар құнын төлемеуге болады деп сендірген. Алаяқтардың әдіс-тәсілдері де алуан түрлі.

Сұңғат Әділбеков, Семей қаласы ІІБ басшысының орынбасары:

- Мысалы, 100 мың теңгелік тоңазытқышты несиеге рәсімдеп, техниканы бізге берсеңіз, сізге сол ақшаны береміз деп алдайды. Мұндайға адамдардың 50-60 пайызы келісім береді. Алаяқ телефон нөмірін беріп, «несиені өзім төлеймін» деп алдап кетеді. Нәтижесінде әлгі алданған азаматтың қолында тауар да, ақша да жоқ болып шығады.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу