Атырауда құтқарушыларға жаңа техника табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда құтқарушыларға жаңа техника табысталды

22.09.2014
Атырауда құтқарушыларға жаңа техника табысталды

Атырау облысындағы Төтенше жағдайлар департаменті құтқару шараларын жүргізуге арналған 18 жаңа техникамен толықты.

 Бұл арнаулы көліктер облыстық бюджеттің қаражатына алынды. Ресейден әкелінген заманауи техникалар  қала және аудандардағы бөлімшелерге бөлінді.

Әрдайым жедел көмек көрсетуге дайын мамандар енді   50 метр биіктіктегі өртті жедел өшіретін сатылы техника алуға үмітті.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу