Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті мен төтенше жағдай қызметінің автопаркі тағы 137 көлікпен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті мен төтенше жағдай қызметінің автопаркі тағы 137 көлікпен толықты

18.10.2018

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті мен төтенше жағдай қызметінің автопаркі тағы 137 көлікпен толықты. Ол үшін жергілікті қазынадан 855 миллион теңге қаржы бөлінген. Ерекшелігі, жол сақшыларына берілген жаңа көліктер бірнеше бейнекамерамен жабдықталған. Ең бастысы, бейнежазба жоғары жылдамдықта да сапасын жоғалтпайды. Сонымен қатар, қандай да бір қылмыс немесе оқиға орнындағы жағдайды онлайн режимінде жедел басқару орталығына жіберуге мүмкіндік бар. Бұл келешекте қылмысты ізін суытпай ашып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етпек. Жаңа көліктердің барлығына GPS навигатор орнатылған. Ал, құтқарушыларға берілген темір тұлпарлар жол талғамайды. 

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД басшысы:

- Ерекшелігі, «Вея» деген техника сумен де, қармен де жүреді. Қайық сияқты суға да кіреді, сазбен де, қатты борандарда, қыстың күні қарда, іздеу жұмыстары болғанда нағыз керекті техника деп ойлаймын.  

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу