Газбен жүретін көліктер күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газбен жүретін көліктер күрт көбейді

13.09.2014
Газбен жүретін көліктер күрт көбейді

Бензин қат болып, бағасы қымбаттағалы қызылжарлықтар автокөліктеріне газ қондырғыларын орнатуға бет бұра бастады. Әкімшілік полициясы басқармасының жол-техникалық инспекциясына өтініш берушілердің саны арта түскен.

Ал газ жабдықтарын орнату мекемесіне кезекке тұрғандар бір айдан кейін ғана мақсатына қол жеткізе алады. Тіпті, бұл қызметтің дамығаны соншалық, банктер газ жабдығын орнатуға арнап несие де беретін болған.

Былтыр жыл бойына Петропавлда 500 шақты автокөлікке газ қондырғысы орнатылған. Биыл газға жүгінетіндердің саны едәуір артатын түрі бар. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері болса, келушілердің өтініштерін кедергісіз қабылдап жатырмыз, дейді. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу