Қазақстандық Президент полкінің оркестрі «Спасск мұнарасы» атты халықаралық фестивальге қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Президент полкінің оркестрі «Спасск мұнарасы» атты халықаралық фестивальге қатысуда

05.09.2014
Қазақстандық Президент полкінің оркестрі «Спасск мұнарасы» атты халықаралық фестивальге қатысуда

Ресей астанасында өтіп жатқан «Спасск мұнарасы» атты халықаралық музыкалық фестивальге әлемнің 11 елінен жиылған 27 ұжым қатысуда.

Қазақстаннан барған «Айбын» Президент полкінің оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасының 73 адамнан тұратын делегациясы фестивальге 3 ай бойы тыңғылықты дайындалған.  

Фестиваль 7-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Осы аралықта әскерилердің өнерін 56 мың адам Қызыл алаңнан тамашаласа, телекөрермендердің саны 150 миллионнан аспақ.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу