ШЫҰ мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағалары Астанада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағалары Астанада бас қосты

04.09.2014
ШЫҰ мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағалары Астанада бас қосты

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағалары Астанада бас қосты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңеске келгендерге арналған құттықтау сөзін Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков оқып берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан ұйымдағы мемлекеттердің сот органдарының құқықтық ақпарат алмасу және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударатынын жеткізген.

IX Кеңес аясында тараптар тауарлардың кедендік құнын анықтау, некені бұзу, алиментті өндіру және бала асырап алу бойынша өзекті деген мәселелерді ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу