Алматыда «KazBuild-2014» халықаралық көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «KazBuild-2014» халықаралық көрмесі басталды

02.09.2014
Алматыда «KazBuild-2014» халықаралық көрмесі басталды

Көрме «Құрылыс интерьері, терезе технологиялары, керамика және тас» тақырыбына арналды.

21-ші рет өткізіліп отырған көрмеге әлемнің 27 елінен 360-тан аса компания қатысып отыр.

Сонымен қатар, «Aquа-Therm Almaty 2014» халықаралық көрмесі ұйымдастырылады.

«Үздік инновациялық өнім», «Үздік технологиялық өнім», «Үздік экологиялық өнім» атты дәстүрлі аталымдардан бөлек, алғаш рет «Жыл өндірушісі» анықталатын болады.

Айбар ТӨЛЖАГҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу