Таразда сарбаздар өрттен зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда сарбаздар өрттен зардап шекті

02.09.2014
Таразда сарбаздар өрттен зардап шекті

Ұлттық Ұланға қарасты Тараз қаласында орналасқан 55/13 әскери бөлімінің 5 сарбазы отқа күйіп қалды.

Олар бөлімнің автопаркінде тазалық жұмыстарымен айналысып жатқан кезде жанармайдан бөлінген газды толқыннан бірден өрт тұтанған.

Денелерінің біраз бөлігін күйік шалған сарбаздардың екеуінің жағдайы нашар, аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал өзгелері ем-дом қабылдауда.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу