Семейде өрттен зардап шеккендерге жеңілдік жасалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде өрттен зардап шеккендерге жеңілдік жасалып жатыр

10.02.2024

Cемейдегі сауда орталығында болған өрттен зардап шеккендерге қаладағы оқу орындары оқу ақысын жарты жылға шегерді. Қаладағы ең ірі үш университет басшыларының шешімі осындай. Ол үшін студенттер өтініш жазса жеткілікті. 6 ақпанда болған оқыс оқиғадан 1 мыңнан астам кәсіпкер зардап шекті. Қиын жағдайға тап болғандарға Семейдегі «ЖылуКоммунЭнерго» мекемесі де жеңілдік жасаған. Жылу мен ыстық су төлемдерін жарты жылға шегерген. Жергілікті атқарушы органдардың берген тізімі бойынша, тілсіз жаудың кесірінен шығынға батқандардың барлығына осындай көмек жасалмақ.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу