Алматыда бағалы металл ұрламақ болған екі адам токқа түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бағалы металл ұрламақ болған екі адам токқа түсті

28.08.2014
Алматыда бағалы металл ұрламақ болған екі адам токқа түсті

Алматыда қалаға жарық беретін қосалқы станциядан бағалы металл ұрламақ болған екі адам токқа түсті.

Олар Розыбакиев көшесінде «Алатау Жарық» компаниясының аумағында орналасқан қосалқы станцияға түнгі сағат 3-тер шамасында заңсыз кіріп, қымбат металдарды шешіп алу кезінде токқа түскен.

Денесінің 90 пайызы күйген азамат ауруханада жан тапсырды. Ал, денесінің 65 пайызын күйік шалған екінші адам ауыр халде.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу