Шығыс Қазақстанда лауазымды тұлғалар қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда лауазымды тұлғалар қамауға алынды

28.05.2020

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары Өскемендегі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар 400 миллион теңгеге жуық ақша жымқырды деген күдік бар. Ұсталған екі адам Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында құрылыс нысанын салып жатқан мердігермен сыбайласып, аса ірі көлемде бюджет ақшасын ұрламақ болған. Олимпиадалық резервтік мектеп-интернатына арналған оқу корпусын салу кезінде қазіна қаржысына қол салмақ болғандардың бірі сот санкциясымен 2 айға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу