Бақытбек Смағұл Алматы облысының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытбек Смағұл Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

20.08.2014
Бақытбек Смағұл  Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін  Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл  Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округіне ат басын бұрды.

Ынтымағы жарасқан  ауылда арнайы кездесу өткізді.  Жиынға қатысқан ардагерлер мен қоғамдық ұйым мүшелері келелі мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, ой бөлісті.

Кездесу соңында  Бақытбек Смағұл ауылдың Құрметті азаматы Х.Сулеймановқа «Бауыржан Момышұлы» төсбелгісін тарту етті.

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу