Қытайда мемлекеттік мекемелердің табысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда мемлекеттік мекемелердің табысы өсті

16.04.2018

Қытайдың орталыққа бағынышты мемлекеттік мекемелерінің жалпы табысы бірінші тоқсанда 20,9 пайызға, яғни, 60 миллиард долларға өсті. Мұны бүгін Мемлекеттік меншікті бақылау және басқару жөніндегі комитеттің ресми өкілі Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мемлекеттік сектор Қытай экономикасында маңызды рөлге ие. Елде 155 мың мемлекеттік мекеме бар. Олардың 97 пайызы - орталық үкіметтің бақылауында. Алдағы уақытта ел билігі мұндай мекемелерді реформаламақ. Себебі, Қытайдың жалпы ішкі өнімінің өсімі баяулағандықтан, олардың да экономикалық көрсеткіштері біртіндеп төмендеп келеді.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу