Инчхон-2014. Қазақстан ерлер құрамасы оқпен атудан 8-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстан ерлер құрамасы оқпен атудан 8-ші орында

20.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстан ерлер құрамасы оқпен атудан 8-ші орында

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 50 метр қашықтыққа оқпен атудан ерлер арасындағы  командалық жарыс аяқталды.

 Бұл бәсекеде Қытай спортшылары топ жарды. ІІ және ІІІ орынды Оңтүстік Корея мен  Вьетнам бөлісті.

Қазақстан құрамасынан сынға түскен Владимир Исаченко, Вячеслав Подлесный, Рашид Юнусметов  1638 ұпай жинап, 8-орынға ие болды.

1. Қытай - 1692 
2.Оңтүстік Корея - 1670
3. Вьетнам  - 1670.
 

Хабарламаларға жазылу