Петропавлда Сегіз Серінің шапаны мұражайға табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Сегіз Серінің шапаны мұражайға табысталды

29.08.2018

Ақын, сазгер, Сегіз Серінің шекпені мұражайға табысталды. Әншінің 200 жылдығы қарсаңында оның ұрпақтары екі ғасырлық тарихы бар шекпенді ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысына арнайы әкелді. Қазақ даласына Сегіз Сері деп танылған тарихи тұлғаның шын есімі Мұхамедханафия Бахрамұлы. Осы күнге дейін шығармашылығы кем зерттелген тұлғаны кейбіреулер жоққа шығарғанымен, оның теріс пікір екендігі дәлелденді, баспа беттерінде сазгер жайлы құнды деректер көп жарияланды. Қазақ өнерінде өзінің қолтаңбасын қалдырған тарихи тұлғаның киімін осы күнге дейін сақтап, ұрпақтарына табыстаған қарағандылық Есімбек Мұқанжаров пен Бақытжамал Әжібековаға облыс әкімі құрмет көрсетті. 

Есімбек Мұқанжаров, ақынның ұрпағы:

- Үлкен жеңгем осы ескі жәдігерлерді көздерінің қарашығындай сақтап, бізге тапсырды. Енді осы музейге тапсырып отырмын. Әке-шешемнің аманатын орындадым.

 

Самат САПАРАЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу