Түмен қазақтарының құрылтайы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түмен қазақтарының құрылтайы өтті

11.08.2014
Түмен қазақтарының құрылтайы өтті

Ресейдің Түмен облысында 20 мыңға жуық қазақ тұрады. Тағдыр тәлкегімен өткен ғасырдың 30-шы жылдары атамекеннен ауа көшкен қандастарымыздың ұрпақтары үшін бүгінде Сібір жері отандарына айналған.

Бірақ,  тарихи отандарынан жырақта жүрсе де, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұмытқан емес.

Биыл да Ресейдің қайыңды орманының алқабында қазақы ән аспандап, бишілер өз өнерлерімен шашу шашты.

Түмен облысы қазақтарының құрылтайы жыл сайын өткізіледі. Жаздың жаймашуақ уақытын таңдап, өңірдегі аудандар кезектесіп ұйымдастырады. Биылғы кезек сорокиндіктердің еншісіне тиді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу