Қызылжар тұрғыны қолдан қару жасап, сатпақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжар тұрғыны қолдан қару жасап, сатпақ болған

05.08.2014
Қызылжар тұрғыны қолдан қару жасап, сатпақ болған

Петропавлда полицейлер жүргізген арнайы операция барысында, қолдан ИЖ-27 тапаншасын жасап, сатпақ болған 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде күдіктінің үйінен 1 Калашников автоматы, 4 газ  тапаншасы табылды. Бұған қоса автоматтың 108 патроны тәркіленді.

Күдікті бұрын слесарь болып жұмыс істеген, сондықтан қару жасау ісімен таныс болып шықты.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу